Жыл басынан бері Алматы қаласының ЖИТС орталығының дәрігерлері АИТВ-ға 130 мыңнан астам тест өткізді

 

Маусым 10, 2020

CОVID-19 пандемиясы жағдайында Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ инфекциясына тестілеу әдеттегі режимде жүргізіледі. Айына 23 мыңнан астам алматылық өзінің АИТВ-статусын біледі.

 

CОVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында орталықта санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау бойынша барлық қажетті профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі.

 

Холлда және дәліздер де есіктердің жанында кезекті болдырмау үшін келушілердің (2-3 адамнан артық емес) өтуін бақылауды жүзегеасыратын бекеттер орнатылған.Сондай-ақ кіру кезінде жауапты тұлға ЖРВИ симптомдарының болуына келушілерге сауалнама жүргізеді, ал анықталған жағдайда әрекет алгоритмдерге сәйкес жүргізіледі. Холлда және дәліздерде персонал мен келушілердің қолын өңдеуге арналған антисептигі бар дозаторлар орнатылған, температураны өлшеу жүргізіледі.

 

Медицина қызметкерлері коронавирустық инфекцияның алдын алу мәселелері бойынша үнемі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

 

АИТВ-инфекциясына тестілеу сенбі мен жексенбіден басқа, күн сайын сағат 8.30-дан 15.00-ге дейін, түскі асү зілісімен (13.00-13.30) өткізіледі.

ЖИТС орталығының мекен-жайы: Басенов көшесі, 2, 4 корпус.

барлық жаңалықтар »