Алматы қаласы ЖИТС Орталығының медицина қызметкерлері көмек көрсетті.

 

Наурыз 30, 2020

Бүгін "Реванш" өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды кешенді қолдау орталығына Алматы қ.ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының медицина қызметкерлері маскалар, санитайзерлер, қолғаптар мен азық-түлік алып келді.

Орталықтың қызметкерлері мен волонтерлері қиындықтарды бастан кешуде.   Грантты іске асыру тоқтатылды және енді адамдар жұмыссыз, жалақысыз қалды. Ал көмекке мұқтаж адамдар күн сайын келеді. Олардың ішінде бұрын қамауда болғандар, есірткіге тәуелді адамдар, АИТВ-мен өмір сүретін адамдар бар. Көбісінің  жұмысы, құжаттары, қажетті ақшасы, басапансы жоқ. Барлығы медициналық көмекке мұқтаж.

Көмек медиктерден келді. Дәрігерлер мен медбикелер өз еркімен жинаған ақшаларына алғашқы уақытқа керекті заттарды сатып алып, Орталыққа алып келді

 

Енді коронавирустан қорғаудың санитарлық құралдары  мен азық-түлік өнімдері бар: қант, өсімдік майы, жарма... Медициналық қызмет көрсетумен де көмектесті. Дәрігер инфекционист Әйгерім Өтеғұлқызы коронавирусты алдын алу, қауіпсіз жүріс-тұрыс шаралары бойынша мини-тренинг өткізді.

Сонымен қатар, антиретровирусқа қарсы препараттарды беру тәртібі және ЖИТС орталығының карантин кезеңіндегі жұмысы туралы хабардар етті.

ЖИТС орталығының қызметкерлері бұл орталыққа құрылған күнінен бастап келеді, 2017 жылдан бері: тренингтер, АИТВ инфекциясына экспресс-тестілеу өткізеді, медициналық тексерулер ұйымдастырып келе жатыр. Міне, бүгін де проблема туралы біліп, көмек көрсетуге асығысты- деп Елена Белоконь өзінің Фейсбук парақшасында жазды.

барлық жаңалықтар »