Жезқазған қалалық наркология бөлімшесіндегі кездесу

 

Наурыз 16, 2020

«Қарағанды облыстық ЖИТС-тың алдын алу және  күресу жөніндегі орталығы» КМК Жезқазған бөлімінің меңгерушісі Г.Ж.Тельбаева  және эпидемиолог дәрігер  Ж.М.Майшурина облыстық  Жезқазған  қалалық  наркология бөлімшесінде  «Халықтың негізгі топтары мен АИТВ-жұқпасының алдын-алу тақырыбы арақатынасы жөнінде кездесу өткізді.

 

 Ж.М.Майшурина Жезқазған қалалық наркология бөлімшесінің жұмыскерлеріне АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы жөнінде Жезқазған аймағының халқы арасында және иньекциялық жолмен қолданушылар арасында  Сенім бекеттері және мейірімді кабинеттегі ЖИТС орталығында жүргізілген ЖИТС-тің алдын-алу бағдарламалары туралы ақпарат берді.

ЖИТС-тің  алдын-алу  және күресу жөніндегі  орталығы  Жезқазған калалық  наркология диспансерінде  есепте тұрған нашаны егу арқылы қолданатындарды тоқсан сайын мониторинг өткізіп тұратынын айтты.                                               Г.Ж. Телбаева 2019 жылдың қорытындысы бойынша тестілеу нәтижелерін жариялады. Орындалу субъектілердің 74,3% -ын құрады, ал нормативті-құқықтық актілерге сәйкес бұл адамдар жылына екі рет - тіркеуден өткен сайын және әр 6 ай сайын АИТВ жұқпасына тексерілуі керек.

2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Жезқазған аймағында АИТВ-ның парентеральды жолымен 39,7% құрайды. Сонымен қатар, әйелдер арасында есірткіні инъекциялық қолдану 14,7% , әйелдердің бәрі де фертильды жаста. Ерлер арасында инъекциялық есірткіні қолдану 59,1% құрайды.

Г.Ж. Телбаева кездесуде қатысушылардың назарына  коммерциялық жыныстық қызмет көрсететін әйелдерге АИТВ-жұқпасының  жұқтырудың екі есе қаупі бар екенін түсіндіріп   және наркологиялық  бөліміне жүгінген кезде фертильді жастағы әйелдерді  Жезқазған және Сәтпаев қалаларының сенім бекеттеріне жіберуді ұсынды. АИТВ-жұқпасына Жеке тестілеу мониторинг жүргізіп және   фертильді жастағы әйелдерді  тіркеуге алып, және 6-айдан кейін  100% тексеріп және  нашаны егу арқылы жолмен қолданушыларды тіркеуге алу туралы мәлімет берді.

барлық жаңалықтар »