БҚО режимдік мекемелеріндегі семинарлар

 

Наурыз 16, 2020

Батыс Қазақстан облыстық ЖИТС орталығының мамандары 2020 ж. 12-13 наурызында Орал қ. 170/2 - РУ және 170/3- РУ мекемелерінде семинар өткізді.

 

Алдын алу жұмыстары бөлімі меңгерушісінің м.а. А. Ашиғалиева 01.03.2020жылға «ҚР және БҚО бойынша АИТВ-жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы» тақырыбына презентация жасады. АИТВ-ның берілу жолдары мен алдын алу шаралары туралы айтты.

Алдын алу жұмыстары бөлімінің дәрігер-эпидемиологы В. Цой семинарға келген қатысушыларды АИТВ-жұқпасының  клиникалық белгілері мен сақтық шаралары туралы хабардар етті. Семинар барысында ЖИТС ОО мамандары АИТВ жұқпасына тестілеу әдістері мен тәсілдері туралы сұрақтарға жауап берді.

Іс-шарамен 200 адам қамтылды, ақпараттық-білім беру материалдары таратылды.

барлық жаңалықтар »