Павлодарда АРВ-терапия бойынша семинар

 

Наурыз 12, 2020

        Павлодар ЖИТС-тың алдын алу және күресу жөніндегі орталығында облыстың эпидемиолог-дәрігерлеріне арналған антиретровирустық терапия бойынша семинар өтті.

 

Облыстық ЖИТС орталығының емдеу бөлімінің меңгерушісі М.Сорокина АРВ-терапия бойынша презентациямен сөз сөйледі. АРВТ мақсаттары, көрсеткіштері және жанама әсерлері туралы материал слайдтарда қолжетімді тілде ұсынылды.

        ИФА әдісімен АИТВ-ға антиденелердің бар-жоғына қан үлгілерін алу, сақтау және тасымалдау ережелері туралы ақпаратты дәрігер-зертханашы Б.Дюсеханова ұсынды. АИТВ-жұқпасының алдын алу мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық базадағы өзгерістер туралы орталықтың заңгері К.Шевчук айтып берді.

        Семинар барысында Железин, Шарбақты аудандық ауруханаларының, №3 қалалық ауруханалардың дәрігерлері және т.б. АИТВ-жұқпасының алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру туралы ақпаратты ұсынды.

 

барлық жаңалықтар »