Оқушылар АИТВ-ның алдын алу туралы қосымша білім алды

 

Қантар 15, 2020

Алматы облыстық ЖИТС орталығының мамандары Қапшағай қаласында АИТВ жұқпасының алдын алу жұмыстарын жүргізуде. 14 қаңтар күні Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.

 

Семинар «АИТВ-жұқпасы: біл және сақтан!» тақырыбындағы дөңгелек үстел түрінде өтті. 

 Іс-шара барысында вирустың берілу жолдары туралы презентация көрсетілді, сонымен қатар психобелсенді заттарды қолданудың жағымсыз әсеріне ерекше назар аударылды.   Одан әрі жоғары сынып оқушыларына тақырыптық фильм көрсетілді. Іс-шара соңында оқушылар викторинаға қатыса отырып, АИТВ және ЖИТС мәселелері туралы алған білімдерін бағалады.

барлық жаңалықтар »