Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мен АМСК ұйымдарының қатысуымен ЖИТС орталығының 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп

 

Қантар 13, 2020

2020 жылғы 13 қаңтардаденсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы мен салалық жол карталарын орындау бойынша медициналық ұйымдар басшыларының есептерін тыңдау шеңберінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Д. Кисикова Нұр-Сұлтан қалалық ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында, ЖИТС орталығының директоры С.Абдраимов 2019 жылғы қызметінің қорытындысы бойынша есеп берді. Астанада АИТВ-инфекциясымен сырқаттанушылық шоғырланған сатыда, алайда АИТВ-ның жыныстық жолмен таралуының ұлғаюына байланысты жүкті әйелдердің АИТВ-ны жұқтырудың, аурудың өсуінде беталыстар бар. Осылайша, жыныстық қатынас арқылы жұқтыру деңгейі 85%-ға дейін жетіп, аурушаңдықтың өсуі 25 жағдайға артты. Орталықта антиретровирустық терапияны 909 пациент алады, емдеу тиімділігі 73% құрайды. Кеңес қорытындысы бойынша АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды емдеу, балаларда АИТВ-ның алдын алу және АМСК-мен тығыз өзара іс-қимыл бойынша мақсатты жұмыстар бойынша неғұрлым тиімді көрсеткіштерге қол жеткізу бойынша тапсырмалар берілді.

барлық жаңалықтар »