АИТВ компонентін ЛИС бағдарламасына енгізу бойынша семинар

 

Желтоқсан 26, 2019

23 желтоқсан 2019ж. Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Б.Ысқақтың бұйрығы бойынша қағазсыз құжат айналымына көшу, АИТВ-жұқпасының алдын алу мен диагностикасын цифрландыруды қамтамасыз ету мақсатында, Алматы облыстық ЖИТС орталығы базасында медициналық ұйымдар үшін АИТВ-ның компонентін ЛИС бағдарламасына енгізу жөнінде семинар өткізілді.

Осы зерттеуді зертханалық ақпараттық жүйеге енгізу облыс тұрғындарына қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді, яғни зерттеу нәтижелерін ЖИТС орталығына келмей-ақ, тапсырған күні алуға болады!

барлық жаңалықтар »