Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылғы ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор грантынжүзеге асыру қорытындысы талқыланды

 

Желтоқсан 21, 2019

2019 жылдың 21 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында ЖИТС-пен, туберкулезбен және безгекпен күрес жөніндегі Жаһандық қор гранты аясында 2018-2020 жылдарға арналған «АИТВ» компоненті бойынша грант алған үкіметтік емес ұйымдармен кездесу өтті.

Грантты жүзеге асыру үш пилоттық аймақтарда– Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында жүзеге асырылады. ҚР ДСМ Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығының директоры Б.С. Байсеркин гранттың мақсаты халықтың осал топтарын және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарды алдын алу, күту және қолдау қызметтеріне қол жетімділігінкеңейту үшін әлеуметтік келісімшарттардыинституцияландыру жүйесі жолымен АИТВ-инфекциясының таралуына орнықты ұлттық жауапты қалыптастыру болып табылатынын атап өтті.Үшжылдық грантты жүзеге асыру нәтижесінде үкіметтік емес сектор үшін әлеуметтік тапсырыс арқылы халықтың негізгі топтары арасында алдын алу бағдарламаларының тиімді моделі құрылады, болашақта осы үлгі еліміздің барлық өңірлерінде енгізілетін болады.

Бауыржан Байсеркиннің айтуынша, әлеуметтік тапсырыс арқылы профилактикалық қызмет көрсету моделін енгізу негізгі топтардың қызметтерге қолжетімділігін және емделуге бейілділігін арттыруға мүмкіндікпен қатар бұл жұқтыру қаупі жоғары халық арасында АИТВ-инфекциясының таралуын төмендетудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлін нығайтады.

Кездесу барысында «Болашаққа қадам», «Human Health Institute», «Жария» және «Жизнь вопреки» қоғамдық ұйымдарының өкілдерінен өзара әрекеттестікті одан әрі нығайту, халықтың негізгі топтарын профилактикалық бағдарламалармен қамтуды ұлғайту және тарту, оларды АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеуді кеңейтубойынша ұсыныстар түсті.

 

барлық жаңалықтар »