АИТВ-мен ауыратын балаларды қолдау

 

Желтоқсан 18, 2019

Kazakhstan Fashion Week ұлттық сән апталығы Алматы қ.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен бірлесіп «Балалардың бақыты үшін сән» қайырымдылық жобасын өткізді.

15 желтоқсанда Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында Алматы, Шымкент, Өскемен, Семей, Нұр-сұлтан және Ақтөбе қалаларының тоғыз дизайнерлері мен модельдік мектептері коллекцияларын ұсынды. Іс-шараның шарықтау шегі АИТВ-мен өмір сүретін балаларға жаңа жылдық сыйлықтар беру және Алматы қ.ЖИТС орталығына АИТВ-мен өмір сүретін балаларға арналған жаңа жылдық мерекені өткізуге арнайы сертификат беру болды.

«Балалардың бақыты үшін сән» жобасы дәстүрлі түрде желтоқсан айында Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне арналған науқан кезінде АИТВ-мен ауыратын балаларды қолдауға бағытталған.

"Біз үшін бұл Алматы қ.ЖИТС  алдын алу және оған қарсы күрес орталығымен әріптестікте өтіп жатқан екінші жоба. Сонымен қатар, осы тамаша жобамен біз Kazakhstan Fashion Week мерейтойының 15 жылдығын аяқтаймыз және осы игі істе қоғамның кең қолдауына ие боламыз деп үміттенеміз", - дейді KFW Арт-директоры және тең құрылтайшысы Алексей Чжен.

Бүгін Алматыда АИТВ-инфекциясы індеті шоғырланған сатыда ұсталған. Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында АИТВ-мен өмір сүретін үш мыңнан астам адам есепте тұр, оның ішінде 56 бала.

-АИТВ-мен ауыратын балалардың денсаулығын сақтау үшін елімізде барлық шаралар қолға алынуда. Олар тұрақты медициналық бақылауда, қажетті дәрі-дәрмектер мен диагностикалық қызметтерді алады. АИТВ-ның анадан балаға берілуінің алдын алу болашақ аналар жүктілігінде басталады. Бұл-тестілеу, тегін дәрі-дәрмектер және балалар қоспалары, мамандардың кеңестері. Бүгінгі таңда анадан балаға АИВ берілетін балалар саны Қазақстанда екі пайыздан аз,- дейді Алматы қалалық ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері Марат Сансызбекұлы.

Біздің елімізде АИТВ бар барлық балалар вирусқа қарсы брендті дәрі-дәрмектерді тегін алады. АИТВ инфекциясын анықтау және емдеу, сондай-ақ 2020 жылға қарай АИТВ инфекциясы мен туберкулезбен байланысты өлім жағдайларын азайту және 2030 жылға қарай ЖИТС індетін аяқтау жөніндегі іс-шараларды қолдау мақсатында Алматы Париж декларациясына қол қойған Орталық Азиядағы бірінші қала. Мамандар АИТВ - инфекциясының алдын алу және АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға қатысты стигма мен кемсітуді азайту жөніндегі қалалық Жол картасын әзірлеуде.

барлық жаңалықтар »