Спорттық рух – ЖИТС пен күресу

 

Желтоқсан 5, 2019

Дүние жүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы шеңберінде Жамбыл облысы Байзақ ауданы Н. Ақшабаев орта мектебінде спорт ойындардан жарыс өтті. Сауықтыру іс-шараның ұйымдастырушылары Жамбыл облыстық ЖИТС орталығының қызметкерлері.

Құттықтау сөзінде мектеп директоры Айсара Сейдалиева АИТВ-инфекциясы және өз денсаулығы үшін жауапкершілік туралы білімнің маңыздылығын атап өтті. Жарыстың алдында облыстық ЖИТС орталығының алдыналу бөлімінің педагогы Рахима Жакенова оқушыларға ЖИТС-пен күресудің Дүние жүзілік науқанының мақсаты, АИТВ-ның алдын алудың және стигма мен кемсітушілікке қарсы күресте қоғамдастықтың рөлі туралы айтып өтті.

Эстафеталық ойындарға 8-11 сынып оқушылары қатысты, олар кедергілер арқылы жүгіруден, қаппен секіруден, теннис ракеткасымен, доппен эстафетада "қырықаяқ" жарысынан, арқан тартудан және капитандар сайысынан жарысты.

Спорт жарыстары аяқталған соң жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

барлық жаңалықтар »