Ақмолалық полицейлер АИТВ туралы көп білді

 

Желтоқсан 4, 2019

2019 жылдың үшінші желтоқсанында Ақмола облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес науқаны аясында жеке құраммен кездесу өтті.

Сұхбат пен интерактивті форматта ЖИТС орталығының маманы Нурлыбек Конуспаев, АИТВ-ның таралу жолдары туралы айтып, аудиториямен жыныстық, қан арқылы және анадан балаға берілу жолдары бойынша алдын алу жолдарын талдады.

АИТВ-инфекциясы туралы қатысушылардың қаншалықты хабардар болуын анықтау үшін, "Тірі диаграмма" жаттығуын алғаш  өткізді. Осындай "Ақпараттық тест" көрсеткендей, түсіндіру мен дұрыс түсіндіруді қажет ететін сұрақтар да болды.

Іс-шара бірлескен фотомен аяқталды.

барлық жаңалықтар »