Петропавл қаласының студенттері арасында «Өз ойыным» конкурсы

 

Қазан 15, 2019

Петропавл қаласының студенттері арасында отбасылық денсаулық тақырыбы бойынша «Өз ойыным» конкурсы өткізілді. Ұрпақты болу денсаулығы, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың, АИТВ профилактикасына қатысты мәселелер талқыланды. СӨС қалыптастыру орталығының қызметкерлері Облыстық ЖИТС-тің профилактикасы және онымен күрес орталығының және «Феникс» ЗТБ мамандарымен бірлесе ойын ұйымдастырды.

Іс-шараға үш колледждің оқушылары шақыртылды: Петропавл құрылыс-экономикалық, машина жасау және кәсіби-педагогикалық.

Кездесу ЖИТС ОО психикалық-әлеуметтік консультация кабинетінің дәрігері Қарлығаш Акинованың АИТВ-ның профилактикасы жөніндегі дәрісінен басталды. Кейін ЖИТС орталығының педагогы Наиля Мухаметова жағдайаттық ойын көрсетті, онда адамның тәртіп-қимылы АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупінің алдын алуға көмектесетін қағидалар көрсетілді.

Одан кейін СӨС қалыптастыру орталығының қызметкерлері  балаларға «Өз ойыным» ойыны арқылы өз білімдерін тексеруді ұсынды. Ойынның сұрақтары салауатты және мықты отбасын құруға қатысты болды, оның ішінде ұрпақты болу денсаулығы, жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың, АИТВ профилактикасына, алкоголь мен темекінің, есірткінің зиянына, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтына, сондай-ақ отбасылық даналыққа және отбасылық психологияға қатысты.

Кездесу соңында тілек білдіргендер АИТВ-инфекциясына жедел-тесттен өтті. Іс-шараға 45 оқушы қатысты.

барлық жаңалықтар »