Украиндық делегация Алматы қалалық ЖИТС орталығында болды

 

Қазан 14, 2019

11 қазанда  Алматы қаласының ЖИТС Орталығында делегациясы Украина, соның ішінде Teenergizer жастар қозғалысының көшбасшылары болды.

Украиндық делегация ЖИТС орталығының жұмысымен, қаладағы эпидемиологиялық жағдаймен және жасөспірімдер мен жастар арасындағы алдын алу жұмыстарымен танысты. Дәрігерлер қонақтарға мектептер мен оқу орындарында өткізілетін акциялар мен іс-шаралар туралы әңгімеледі.

Teenergizer қозғалысы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдерінің жасөспірімдерін біріктіреді.

Осы қозғалыс үлгісі бойынша жазда Алматы қаласында ҚР ДСМ Қазақ Дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының жанында Жастар ресурстық орталығы ашылды. Бүгін оған АИТВ-мен ауыратын жасөспірімдер мен олардың ата-аналары белсенді қатысады.

барлық жаңалықтар »