БҚО-да тұрғындарға арналған акция өтті

 

Қазан 14, 2019

2019 жылдың тоғызыншы қазанында Орал қаласында "Әлем плаза" СҮ-де Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау басқармасының бастамасымен кең ауқымды акция өтті, оған ЖИТС ОО мамандары, «Рука помощи» ҚҚ, №1 қалалық емхана мамандары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: АИТВ-инфекциясының таралуын тежеу мүмкіндігі қоғамның ол жөнінде хабардар болу деңгейіне байланысты екенін халыққа жеткізу. Сондай-ақ мамандар медициналық қалашықтың барлық келушілеріне дер кезінде анықталған ауру қажетті диспансерлік бақылауды қамтамасыз етуге және емдеуді уақытында бастауға мүмкіндік беретінін түсіндірді.

Акция шеңберінде әрбір ниет білдіруші АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша мамандар кеңесін, өзінің АИТВ-ны жұқтыру қауіп-қатерін объективті бағалауды және АИТВ-ға жедел тестілеуден тегін өту мүмкіндігін ала алады.

Іс-шараға 100-ден астам адам қамтылды.

 

барлық жаңалықтар »