Маңғыстау облыстық ЖИТС ОО базасында "Қауіпсіз гемотрансфузия" тақырыбында облыстық семинар өткізілді

 

Қазан 14, 2019

           Гемотрансфузиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақ ғылыми Дерматология және жұқпалы аурулар орталығының 2019 жылғы 11 наурыздағы  №1 алқа шешімінің 1 тармағы,4 тармақшасын орындау мақсатында  2019 жылдың 11 қазанында Маңғыстау облыстық ЖИТС орталығының мамандары Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменті мен  Облыстық қан орталығының мамандарымен бірлесіп  емдеу-сауықтыру мекемелерінің  трансфузиологтары мен госпиталды эпидемиологтарының қатысуымен облыстық семинар өткізді.

Семинардың негізгі мақсаты: медицина қызметкерлерінің кәсіби зақымдануының алдын алу, гемотрансфузия/трансплантацияның инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Семинарға   емдеу-сауықтыру  мекемелерінің 26 қызметкерлері қатысты.

Семинардың басында және соңында пре және постест өткізілді.

Сауалнама нәтижелері претест-  55,2% , посттест-73,3% .

барлық жаңалықтар »