Ақтөбе қаласының мұғалімдеріне арналған семинарлар

 

Қантар 19, 2018

2018 жылдың 17-18 қантарда Ақтөбе қаласындағы «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында ЖИТС орталығы мамандары директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына және мұғалімдерге арналған «Білім беру саласында АИТВ-ның алдын алу» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.

Семинарлар барысында АИТВ және ЖИТС түсінігі, АИТВ жұқпасының жұғу жолдары, және Ақтөбе облысындағы эпидемиологиялық жағдай туралы мәліметтер жеткізілді. Сонымен қатар стигма және кемсітушілік тақырыбы қозғалды.

           ЖИТС орталығының мамандары тыңдаушылардың назарын АИТВ жұқпасының жыныстық қатыныс арқылы берілуінің алдын алуға аударады және мектептерде АИТВ жұқпасына байланысты дәрістер, семинарлар өткізу және видеороликтер көрсету арқылы алдын алу жұмысын жақсартуын ұсынды.

барлық жаңалықтар »