Сенуге болады!

 

Қантар 9, 2018

Сегізінші қаңтарда «Доверие плюс» қоғамдық қорының құрылғанына он жыл болды!

 

 

Сол жылдар барысында ұйымның қызметкерлері мен белсенділері АИТВ-мен өмір сүретін адамдарға медициналық-әлеуметтік, заңдық, консультациялық көмек көрсетіп келеді. «Әлеуметтік қолдау», «Қолжетімділік», «Қазақстандағы АИТВ мен туберкулез профилактикасы» және басқа да жобалары табысты түрде жүзеге асырылды. Сондай-ақ, үкіметтік емес ұйымның серіктестері болып АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Қазақстандық Одағы, ЖИТС республикалық орталығы, Алматы қаласының ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы, ЖИТС-ке, туберкулезге және безгекке қарсы күресуге арналған Жаһандық қор, «СПИД Фонд Восток-Запад в Казахстане» Қоғамдық қоры және басқа да мемлекеттік, халықаралық, қоғамдық ұйымдар болып табылады.

Бүгінде «Доверие плюс» қоғамдық қорының қызметкерлерін серіктестері мен достары әсерлі құттықтады.

барлық жаңалықтар »