АИТВ-инфекциясының бизнеске әсер етуі

 

Қантар 15, 2018

2018 жылдың 15 қаңтарында, Ақмола облыстық ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығы, қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, Көкшетау қаласының шаштараздарының, сән салондарының басшыларына семинар өткізді, 24 адам қатысты.

 

ОЖИТСО алдын алу бөлімінің меңгерушісі З.Хван, Қазақстанның бәсекеге жарамдылық жаһандық индекісі бойынша, презентациясын ұсынды, бұл ақпарат АИТВ-инфекциясының  таралуы бойынша, бизнеске әсері -  АИТВ-инфекциясы бизнеске ешқандай негативті   ықпалын жасамайды! Бұл, Қазақстанда тексерілу мен емделу тегіндігі келісілген - Сіздің бизнесіңіз, АИТВ-инфекциясының таралу жолдарына, АИТВ емделуіне байланысты ешқандай шығын алмайды.Таралуы төмен деңгейде сондықтан,  бизнесті жүргізу мен экономиканың деңгейіне әсері жоқ. АИТВ-мен өмір сүретін адамдар, жұқтырмаған адамдар сияқты  құқықтары бар, оларды жұмыстан шығаруға немесе жұмысқа алуға қарсылық білдіруге рұқсат берілмейді. АИТВ- жұқтырған адамдар жұмыстағы әріптестеріне жұқтыруы мүмкін емес және ұжым үшін қауіпті еместігін көрсетеді. Себебі, АИТВ ауа арқылы, қол ұстасқанда және құшақтағанда, жалпы дәретхананы қолданғанда, лифтыда, моншада, бассейнде және басқа да, қоғамдық орындарда жұқтырылмайды.

Семинардың соңында әлеуметтік сұрау өткізіліп және ақпараттық-білімдендіру материалдары таратылды.

 

барлық жаңалықтар »