Алматы қаласы ЖИТС Орталығы денсаулық сақтау Басқармасына өз есебін таныстырды.

 

Қантар 13, 2018

12-ші қаңтар күні Алматы қаласында ЖИТС-пен күрес және оның алдын-алу шаралары бойынша қалалық Орталық денсаулық сақтау Басқармасына  2017 жылғы жылдық есебінің презентациясын жасады.

 

ЖИТС Орталығының бас дәрігері Марат Тукеев өз презентациясы бойынша баяндама жасады. Өткен жылдың оң үрдістерінен ол концентрациялық  кезеңдердегі АИТВ инфекциялары таралуының шегерілуі, антиретровирустық терапияның қамтылуы бойынша жоспарланған меморандум көрсеткіштерінің жетістіктері, жүкті әйелер мен балалар арасындағы анадан балаға АИТВ-ның берілуін алдын-алу, АИТВ-тің таралуы бойынша бәсекеге қабілетті жаһандық индекс көрсеткіштерін түзету мақсатында ірі және орта бизнес жетекшілерін 100% -дық сұxбат және сауалнамамен қамтылғандығын атап өтті. Орталық лабороториясының СТ ҚР ИСО 15189 талаптары бойынша аккредитациясы, 18-29 жас аралығындағы жастар арасында «АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупіне байланысты қатерлі жайлардың таралу факторлары» кроссекциялық зерттеуінің табысты жүргізілуі, xалықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен  профилактикалық жобаларды жүзеге  асыру  секілді жыл қорытындылары бар.

 

Презентация барысында мәселелерді шешу жолдары және жаңа жылға арналған  жоспарлар талқыланды. Оның ішінде жаңа клиникалық xаттамаларға сәйкес, антиретровирустық емдеумен қамтуды қамтамасыз ету, «Зиянды азайту» бағдарламасы бойынша жұқтыру қаупі жоғары тұлғалар арасында іс-шаралар жүргізу, ҮЕҰ-ға әлеуметтік тапсырыстарды бөлуге бастамашылық ету, денсаулық сақтау жүйелерін цифрландыру аясында медициналық ұйымдар мен лабороториялық ақпараттық жүйелерді интеграциялауды жалғастыру.

 

барлық жаңалықтар »