Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алматы қаласы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында» болып қайтты

 

Қантар 5, 2018

Төртінші қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің вице-спикері, «Нұр Отан» партиясының фракция жетекшісі Гүлмира Исимбаева және әлеуметтік-мәдени даму бойынша Мәжіліс Комитетінің төрайымы Гүлнар Иксанова жұмыс сапарымен Алматы қаласындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында» болып қайтты.

Депутаттар Орталықтың  қызметімен танысып, бөлімдердің, зертханалардың,     жүйесімен тест тапсыру АИТВ-инфекциясын қоса алғанда, тест тапсырғанға  дейінгі  және тест тапсырғаннан кейінгі  кеңес беру жұмыстарымен танысты. Халық қалаулылары осы қызметтің  қолжетімділігі мен маңыздылығын,   АИТВ-ның алдын алу және өзектілігін емдеуді ерте бастауды басты назарға алды.

      Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығында» республикадағы ең озық үлгідегі зертханалық құрал-жабдықтар қондырылған, зерттеу жұмыстарын  тез арада өткізу тиімді және мүмкіндігі мол. Өткен жылы  Алматы қаласындағы «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығының» диагностикалық зертханасы  елімізде  бірінші және жалғыз,   Алматы қаласындағы зертханалар арасында бірінші  болып, сараптамалық бағалау және аккредиттеу туралы  ҚР СТ ISO 15189:2015 «Медициналық зертхана. Сапасы және құзыреттілігіне қойылатын талаптары» бойынша куәлігіне ие болды. Бұл жерде диагностикалық тест-жүйесі  АИТВ-дің төртінші буынына пайдланылады.

    Орталықта жыл сайын иммуноферменттік талдау әдісімен 185000-нан астам скринингтік зерттеулер АИТВ антиген р24 және АИТВ 1,2 антидене  анықтау үшін  30000-ға жуық оппортунистік зерттеулер жүргізіледі.. Жыл бойы зертхана қызметкерлерімен  СДЗ/СД4 және СДЗ/СД8 Т-лимфоциттер. АИТВ вирусын жұқтыру, жұқпалы гепатиттің «В» және «С» санын анықтауда,  10000 астам  иммунологиялық зерттеулер жүргізіледі.

  Ал жылына 8000-нан астам  ПТР (полимеразды тізбекті реакция) әдісімен зерттеулер жүргізіледі.

     Халық қалаулылары мемлекеттік, халықаралық ЖИТС-сервистік үкіметтік емес қоғамдық ұйымдарының өкілдерімен және  АИТВ-і бар адамдармен кездесті. Бұл мәселе бойынша АИТВ жұқпасын  төмендету, жақсарту және аурудың алдын алу төңірегіндегі сұрақтарды талқылады. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және МЕҰ үшін мемлекеттік гранттар қалыптастыру туралы қойылған сұрақтарға жауап берді.

барлық жаңалықтар »