Желтоқсан 7, 2023
АРВП сатып алу процесін оңтайландыруды талқылауҚР ДСМ ҚДИАҒО, Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының, UNICEF, "СК-Фармация" ЖШС, Ұлттық зияткерлік меншік институтының өкілдері, азаматтық сектор сарапшылары 6 желтоқсанда Астана қаласында АРВ препараттарын сатып алу процесін оңтайландыруды және ҚР-да дәрілік заттарды тіркеудің ұлттық рәсімін жеңілдетуді талқылады. Іс-шараны ұйымдастырушы - АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың Орталық Азия қауымдастығы және "Денсаулық сақтау құқығын қорғауға арналған коалиция" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 7 маусымдағы № 110 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін медициналық көмектің қосымша көлемін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және арнайы емдік өнімдерді сатып алуды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу бойынша құқықтық негіздеме ұсынды.
толығырақ »
Желтоқсан 1, 2023
Зертхана қызметкерлеріне арналған семинарАлматы қаласында 2023 жылы 30 қараша - 1 желтоқсанда зертхана қызметкерлері үшін «Орталықсыздандыру жағдайында АИТВ диагностикасының жаңа алгоритміне көшудің зертханалық аспектілері» оқыту семинары өтті.
толығырақ »
Желтоқсан 1, 2023
Брифинг #Көшбасшылық_қауымдастықтарға???? Астана қаласының коммуникациялар қызметінде Дүниежүзілік СПИД-ке қарсы күрес күні туралы АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының директоры Канат Аскаров брифинг өткізді.
толығырақ »
Қараша 29, 2023
Қарасай мен Талғар аудандарының орталық аурухаларында ашық есік күні өтті.29.11.2023 жылы екі улкен аудан тұрғындарына тұрғылықты мекен жай емханасында экспресс-тестілеу арқылы кеңес алуға, қандағы глюкоза мен холестерин деңгейін анықтауға, қан қысымын өлшеуге, АИТВ-ға тексерілуге мүмкіндік берілді. ЖИТС орталығының мамандары АИТВ-ның алдын алу, оның ішінде вирустың берілу жолдары, инфекциядан қалай қорғану керек және АИТВ туралы қандай қате түсініктер бар екендігі туралы айтты. Жыл сайын Алматы облысының халқының 12% - нан астамы АИТВ-ға тексеріледі, тестілеудің қол жетімділігі мен уақтылылығының арқасында жағдайлардың 70% - дан астамы аурудың 1-2, ерте сатысында анықталды. Дер кезіндегі, уақытылы диагностика пациенттердің Қазақстанда тегін негізде ұсынылатын антиретровирустық терапияға қолжетімділігін арттырады. Іс-шараға 226 адам қамтылып, АИТВ инфекциясына тексерілді, оң нәтиже тіркелген жоқ. 303 дана ақпараттық-білім беру құралдары, 720 мүшеқаптар таратылды.
толығырақ »
Қараша 29, 2023
АИТВ-ны кеш анықтаудың проблемалары29 қарашада қалалық конференцияға қатысушылар АИТВ-инфекциясын кеш анықтаудың проблемаларын талқылады. «Көшбасшылық – қоғамдастықтарға» ұранымен өтіп жатқан Дүниежүзілік кампаниясы аясында іс – шараны ұйымдастырушы - ICAP қатысуымен Алматы қаласының ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы.
толығырақ »