Желтоқсан 6, 2018

Көкшетауда жастар акциясына 500-ден астам адам қатысты
Көкшетауда жастар акциясына 500-ден астам адам қатысты
2018 жылдың алтыншы  желтоқсанында "Көкшетау" мәдениет сарайында Дүниежүзілік ЖИТС-пен  күрес кампаниясына арналған кең ауқымды жастар акциясы өтті.                                                                      Ақмола облыстық ЖИТС-пен  күрес және алдын алу орталығы мәдениет сарайының фойесінде ақпараттық бұрыш ашып, онда әрбір тілек білдіруші АИТВ-инфекциясы мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалымен танысып, мамандардың кеңестерін ала алды.                                                    Акцияда әндер шырқалып, би ансамбльдері өнер көрсетіп, бейнероликтер көрсетілді. Көкшетау қ. № 21 орта мектеп-лицейі "АИТВ-мен өмір сүретін адам өмірінің бір күні" тақырыбында үздік көрініске облыстық конкурс жеңімпазы атанды.                                                                                                                       "Өз АИТВ дәрежеңді біл!" Instagram әлеуметтік желісіндегі үздік бейнеролик байқауында,  Бурабай ауданы, А. И. Досова атындағы Қотыркөл орта мектебінің Байманова Перизат пен Мартенс Елена жеңімпаз атанды, екінші орынды Көкшетау қ. жоғары медициналық колледжінің студенті Сабыржан Абылайхан, үшінші орынды Азат Қайырбаев жеңіп алды. Барлық жеңімпаздар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.         "Атамекен" Ақмола облысының Өңірлік кәсіпкерлер палатасы, "Көкшетау Энерго" ЖШС, Қалалық емхана жанындағы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, Көкшетау техникалық институты, Азаматтық қорғау жоғары көпсалалы колледжі ынтымақтастық және белсенді қатысқаны үшін алғыс хаттармен марапатталды.                                                                            Іс-шараға 500-ден астам адам қатысты: Олар Көкшетау қаласының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары, колледж және жоғары оқу орындарының студенттері. толығырақ »

Желтоқсан 6, 2018

«Қайнар» колледжіндегі денсаулық сағаты
«Қайнар» колледжіндегі денсаулық сағаты
Жуырда Алматыдағы «Қайнар» колледжінің студенттері Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне орай біздің орталық мамандарын арнайы шақырып, АИТВ жұқпасының алдын алу жайлы денсаулық сағатын өткізді. толығырақ »

Желтоқсан 6, 2018

Оқушылар ЖИТС құрбандары рухына арнап шырақ жақты
Оқушылар ЖИТС құрбандары рухына арнап шырақ жақты
Алматы облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес  орталығының дәрігер-эпидемиологы Д.Серікболатов Ескелді  ауданы, Қарабұлақ ауылының 9-11 сынып оқушыларымен кездесіп, АИТВ жұқпасының алдын алу тақырыбында семинар өткізді. толығырақ »

Желтоқсан 6, 2018

Орал қаласында Дүниежүзүлік кампания шеңберінде оқу орындарында   акциялар оздырылды
Орал қаласында Дүниежүзүлік кампания шеңберінде оқу орындарында акциялар оздырылды
Орал қаласында 2018 жылдың бесінші желтоқсан қүні Дүниежүзілік кампания шеңберінде жоғары оқу орындарында «Өз мәртебенді біл» атты акциялар оздырылды. толығырақ »

Желтоқсан 6, 2018

Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары брифинг өткізді
Алматы облыстық ЖИТС орталығы мамандары брифинг өткізді
Бүгін, 6 қараша 2018ж.  Алматы облысының Аймақтық коммуникация қызметінде  (Талдықорған қ.) БАҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. толығырақ »

Желтоқсан 6, 2018

Ашық есік күні
Ашық есік күні
06.12.18 Атырау облыстық ЖИТС орталығында болашағың медицина саласымен байланыстыруды көздеген №16, №30, СТГа  мектептерінің 11-cынып оқушыларына ашық есік күні ұйымдастырылды. Оқушыларға ЖИТС орталығының жұмысы түсіндіріліп, лабораториядағы қанды тексеру әдістері көрсетілді. Шағын экскурсиядан кейін, ЖИТС орталығының мәжіліс залында оқушылар мен орталықтың дәрігерлері ойларымен алмасты.  Оқушыларболашаққабағытыңайқындап, ынталарыңкүшейтіпалды. толығырақ »

Желтоқсан 5, 2018

Көкшетау қаласындағы «Ана үйі» ҚҚ қайырымдылық  акциясы
Көкшетау қаласындағы «Ана үйі» ҚҚ қайырымдылық акциясы
2018 жылдың 5 желтоқсанында Ақмола облысының ЖИТС-пен күрес және алдын алу орталығымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен және Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес науқанына орай «Ана үйі» ҚҚ-да қайырымдылық акциясы өтті.                                 Орталықтың бас дәрігері Курманбек Бурмаганов қоғамдық қордың қамқорлығымен кездесіп, жиналған қауымды еліміздің бас мемлекеттік мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, шыдамдылық және өз күшіне деген сенім тіледі. Бұдан басқа, орталық ұжымының  атынан қамқорлығындағыларға сыйлықтар табыс етті.                                                        "Ана үйі" ҚҚ үйлестірушісі Динара Есенбаеваның айтуынша, мұндай үйді құрудың негізгі идеясы-баланы күту және өмір сүру үшін қарапайым жағдай туғызып, сынаққа төтеп бере алмай, сынған баланы балалар үйіне жібермеуге жол бермеу.                                                                         Дағдарыс орталығының әрбір қыздарының өмірі үшін өзінің өмірлік драмасы жатыр, бірақ олардың біреуі дәл біледі - ешқандай жағдайда өз баласын беруге болмайды. Егер талпыныс, жүректе махаббат болса және уақытында көмек қолын созған болса, барлығын еңсеруге және уайымдауға болады. толығырақ »

Желтоқсан 5, 2018

Ақтөбе қаласының студенттеріне дәріс
Ақтөбе қаласының студенттеріне дәріс
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес кампаниясы аясында Қ.Жұбанов атындағы «АИТВ-жұқпасының алдын алу» тақырыбында тарих факультетінің бірінші және екінші курс студенттеріне дәріс өтті. Дәрісті ЖИТС орталығының әлеуметтанушы С.Мұханбетжанова жүргізді.            Дәріс барысында жастар арасындағы АИТВ-жұқпасының берілу жолдары, диагностика, және алдын алу іс-шаралары талқыланды. Әлеуметтанушы стигма мен кемсітушілікке ерекше көңіл бөлді. Ол сондай-ақ студенттерді облысымыздың эпидемиологиялық жағдайымен таныстырып және ЖИТС орталықтың достық кабинетінің жұмысы туралы әңгімеледі.            Дәрістің соңында бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық оқу материалдары таратылды. толығырақ »

Желтоқсан 5, 2018

Астанада Қазақстандағы жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы туралы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері таныстырылды
Астанада Қазақстандағы жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы туралы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері таныстырылды
Астанада Қазақстандағы жасөспірімдердің репродуктивтік денсаулығы туралы әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері жөнінде журналистерге арналған баспасөз конференциясы мен тренинг болып өтті.  Баспасөз конференциясы спикерлерінің бірі – ЖИТС РО бас директоры Б. Байсеркин болды. Іс-шараның ұйымдастырушысы - UNFPA in Kazakhstan. толығырақ »

Желтоқсан 5, 2018

Алматы қаласындағы баспасөз конференциясы
Алматы қаласындағы баспасөз конференциясы
2018 жылғы 5 желтоқсанда Алматыда Қазақстандағы АИТВ және туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдайға, сондай-ақ, оң АИТВ-ахуалы бар және туберкулезбен ауырып жазылған кәсіпкерлер мен жалданушы қызметкерлер тап болатын проблемаларға арналған баспасөз конференциясы болып өтті. толығырақ »