Обычная версия сайта
Qazaqstan Respýblıkasy,
Almaty q, Raıymbek d-ly,60
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің «31» 01.2019 ж. №30 бұйрығына 6-қосымша (32 KB)
ДДҰ/ЮНЭЙДС стратегиясын ескере отырып, Қазақстан Республикасында АИТВ-инфекциясының және дерматовенерологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған шараларды іске асырудың жол картасы
№ | Іс-шаралар | Аяқтау нысаны | Орындалуына жауаптылар | Өткізу мерзімі |
1 | Пациенттерді жүргізуді оңтайландыру мақсатында мерез бен ЖЖБИ диагностикалау және емдеу жөніндегі клиникалық хаттамаларды қайта қарау (АБ ұзартылған нысандарын пайдалана отырып, стационарлық деңгейден стационарды алмастыратын деңгейге көшу) | КХ жобасы | ҚР ДСМ (МКҰД), ҚДИАҒО | IV тоқсан 2019-2020 жылдар |
2 | АИТВ-инфекциясына тексерілген адамдар бойынша ұлттық тіркелімді енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірлеу | Жоба бұйрығы | ҚР ДСМ (МКҰД, ДСЦД, ДСЭРО), ҚДИАҒО | I тоқсан 2020 жыл |
3 | АИТВ-инфекциясына тексерілген адамдар бойынша ұлттық тіркелімді енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірлеу | Жоба бұйрығы | ҚР ДСМ (МКҰД, ДСЦД, ДСЭРО), ҚДИАҒО | I тоқсан 2020 жыл |
3 | АМСК және басқа да МҰ медицина қызметкерлері үшін ЖЖБИ, жұқпалы тері аурулары, АИТВ–инфекциясы, стигма және кемсітушілік мәселелері бойынша оқыту семинарларын өткізу | Ақпарат | ҚДИАҒО, ЖИТС ОҚО (келісім бойынша), КВД (келісім бойынша), УЗ (келісім бойынша) | IV тоқсан 2019-2020 жылдар |
4 | Жүкті әйелдерді АИТВ-инфекциясына экспресс-тестілеу бойынша босандыру қызметінің мамандары үшін оқыту семинарларын өткізу | Ақпарат | ҚДИАҒО, ЖИТС ОҚО (келісім бойынша) | III тоқсан 2019-2020 жылдар |
5 | Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты алу мәселесі бойынша ЖИТС орталықтары мен ҮЕҰ мамандары үшін оқыту семинарларын өткізу | Ақпарат | ҚДИАҒО, ТМЖҒҚ (келісім бойынша) | III тоқсан 2019-2020 жылдар |
6 | ХНТ (ИЕТ, СЖ, ЕЖЕ) жеке алдын алу құралдарымен (шприцтер, презервативтер, любриканттар) және АТМ, жедел-тестермен қамтамасыз ету | Ақпарат | ДСБ (келісім бойынша) | IV тоқсан 2019-2020 жылдар |
7 | ХНТ-мен жұмыс істеу үшін аутрич-жұмыскерлерді оқыту бойынша тренингтер өткізу | Есеп | ЖИТС ОҚО (келісім бойынша), ТМЖҒҚ (келісім бойынша) | III тоқсан 2019-2020 жылдар |
8 | АИТВ инфекциясының (АТМ, БАҚ, теледидар, радио, әлеуметтік желілер, интернет) алдын алу мәселелері бойынша халықтың хабардарлығын арттыру жөнінде іс-шаралар өткізу) | Ақпарат | ҚДИАҒО, ҚДСҰО, ДСБ (келісім бойынша) ЖИТС ОҚО (келісім бойынша) | IV тоқсан 2019-2020 жылдар |
10 | Барлық мұқтаж АӨА антиретровирустық препараттармен қамтамасыз ету | Ақпарат | ҚР ДСМ (МКҰД), ҚДИАҒО, ДСБ (келісім бойынша) | II тоқсан 2019-2020 жылдар |
11 | Барлық мұқтаж АӨЖ-ның АРВ-препараттарына АИТВ-ның вирустық жүктемесі мен резистенттілігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізу | Есеп | ҚР ДСМ (МКҰД), ҚДИАҒО, ДСБ (келісім бойынша) | IV тоқсан 2019-2020 жылдар |
ИНДИКАТОРЛАР | |||||||
№ | Атауы | Өлшем бірлігі | 2019 год | 2020 год | |||
жоспар | жоспар | ||||||
1 | 15-49 жас аралығындағы топта АИТВ - инфекциясының таралуы | % | 0,28 | 0,31 | |||
2 | 15-17 жастағы балалар арасында жыныстық жолмен жұғатын жұқпалы аурулар (маркер мерез) | 100 мың. тұрғындарға шаққанда | 5,3 | - |
*Ескертпе: Үйлестіруші басқа бірлесіп орындаушылардан келіп түсетін ақпарат жиынтығын жүзеге асырады, ұсынылатын ақпараттың сапасы мен уақтылығы үшін жауап береді және қызметтерді одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды әзірлей отырып, жол карталарын орындау нәтижелері бойынша талдау жүргізу үшін бірлесіп орындаушылардан жауаптардың көшірмелерін қоса бере отырып, ДСДРО-ға жиынтық ақпаратты ұсынады (осы бұйрыққа 25-қосымшаны қараңыз).
Аббревиатуралар мен қысқартулардың толық жазылуы:
Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігі "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы " шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны"