АИТВ әлемде

АИТВ жөніндегі жаһандық статистика

  • АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жалпы саны 2022 жылы 39,0 млн [33,1–45,7 млн] адамды құрады.
  • 2022 жылы АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 1,3 млн [1-1,7 млн] адамды құрады.
  • 2022 жылы ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болған адамдардың саны 630 000 [480 000-880 000] болды.
  • 2022 жылы 29,8 миллион адам антиретровирустық терапия қабылдады.
  • Эпидемия басталғаннан бері 85,6 миллион [64,8–113 миллион] адам АИТВ жұқтырған.
  • Эпидемия басталғаннан бері 40,4 миллион [32,9–51,3 миллион] адам ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болған.

АИТВ-мен өмір сүретін адамдар

  • 2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретіндердің саны 39,0 миллионды [33,1–45,7 миллион] құрады:
    • 37,5 миллион [31,8–43,6 миллион] ересектер (15 жас және одан жоғары).
    • 1,5 миллион [1,2–2,1 миллион] бала (0-14 жас).
    • Әйелдер мен қыздар АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 53% құрады.
  • 2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамның 86% [73-98%] олардың мәртебесін білді.
  • 2022 жылы 5,5 миллионға жуық адам өздерінің АИТВ-мен өмір сүретінін білмеген.

АИТВ-мен өмір сүретін және антиретровирустық терапия алатын адамдар

  • 2022 жылдың желтоқсан айының соңындағы жағдай бойынша 29,8 миллион адам антиретровирустық терапия қабылдаған, ал ол көрсеткіш 2010 жылғы 7,7 миллион адам болған.
  • 2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 76% [65-89%] емдеуге қол жеткізген.
    • АИТВ-мен өмір сүретін 15 жастан асқан ересектердің 77% [65-90%] және 0-14 жас аралығындағы балалардың 57% [44-78%] емделуге қол жеткізді.
    • 15 жастан асқан қыз бала, әйелдердің 82% [69-95%] емделуге қол жеткізді, ондай қолжетімділік 15 жастан асқан ер адамдардың тек 72% [60-84%] болған.
  • АИТВ-мен өмір сүретін жүкті әйелдердің 82% [64-98%] 2022 жылы вирустың ұрыққа берілуін болдырмау мақсатында антиретровирустық препараттармен емдеуге қол жеткізді.

АИТВ инфекциясының жаңа жағдайлары

  • АИТВ жұқтырудың жаңа жағдайларының саны 1995 жылы ең жоғары деңгейге жеткендегі жағдайлармен салыстырғанда 59%-ға төмендеді.
    • 2022 жылы АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының саны 1995 жылы 3,2 млн[2,5–4,3 млн] адаммен салыстырғанда шамамен 1,3 млн [1-1,7 млн] адамды құрады.
    • 2022 жылы АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының 46% әйелдер мен қыздар  құрады.
  • 2022 жылы АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайларының көрсеткіші 2010 жылға қарағанда 38%–ға, 2,1 млн [1,6-2,8 млн]-дан 1,3 млн [1-1,7 млн]-ға дейін төмендеді.
  • 2022 жылы балалар арасында АИТВ-инфекциясының жаңа жағдайлары 2010 жылға қарағанда 58%-ға төмендеді, 310 000 [210 000-490 000]-дан 130 000 [90 000-210 000] дейін.

ЖИТС салдарынан болатын өлім-жітім

  • ЖИТС-пен байланысты аурулардың салдарынан қайтыс болған адамдардың саны 2004 жылғы ең жоғары көрсеткішке қатысты 69%-ға және 2010 жылғы көрсеткішке қатысты 51%-ға төмендеді.
  • 2022 жылы ЖИТС-пен байланысты аурулардан қайтыс болғандардың жалпы саны 630 000 [480 000-880 000] болды. Салыстырмалы түрде бұл көрсеткіш 2004 жылы 2,0 миллион [1,5–2,8 миллион] және 2010 жылы 1,3 миллион [970 000-1,8 миллион] болды.
  • ЖИТС-пен байланысты өлім-жітім 2010 жылдан бері әйелдер мен қыздар арасында 55%, ер адамдар мен ер балалар арасында 47% төмендеді.

Жұқтыру қаупіндегі негізгі топтар

  • Бүкіл әлемде ересектер арасында (15 пен 49 жас аралығында) АИТВ-ның орташа таралуы 0,7% құрады. Алайда негізгі тәуекел топтарының арасында медианалық таралу жоғары болған:
    • секс-жұмыскерлер арасында 2,5%
    • гей ер адамдар және ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін басқа ер адамдар арасында 7,7%
    • инъекциялық есірткі қолданатын адамдар арасында 5,0%
    • трансгендерлер арасында 10,3%
    • сотталғандар арасында 1,4%

Әйелдер мен қыздар

  • 2022 жылы бүкіл әлемде АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 46% - ы әйелдер мен қыздарда (барлық жастағы) болды.
  • Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдеріндегі әйелдер мен қыздар (барлық жастағы) үлесіне АИТВ-инфекциясының барлық жаңа жағдайларының 63% келді.  Барлық басқа аймақтарда 2022 жылы ерлер мен ер балалар арасында АИТВ инфекциясының 70%-дан астамы тіркелді.
  • 2022 жылы апта сайын бүкіл әлем бойынша 15 пен 24 жас аралығындағы 4000 жасөспірім қыздар мен жас әйелдер АИТВ жұқтырған, олардың 3100-і Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде орын алды.

Тестілеу және емдеу мақсаттары (95-95-95)

  • 2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 86% [73-98%] өздерінің мәртебесін білді. Өз мәртебесін білетін адамдар арасында 89% [75-98%] емделуге қол жеткізді. Ал терапия алатын адамдардың 93% [79-98%] вирустық жүктеменің басылуына қол жеткізді.
  • 0 жастан 14 жасқа дейінгі балалар арасында 95-95-95 стратегиясы бойынша көрсеткіштер 63% [49-86%], 91% [71-98%], 81% [63-98%] әйелдер арасында 95-95-95 көрсеткіштері келесідей болды: 90% [76-98%], 91% [77-98%] және 93% [79-98%].
  • Ерлер арасындағы 95-95-95 көрсеткіштері: АИТВ-мен өмір сүретін ересек ер адамдардың 83% [70-98%] өздерінің мәртебесін білді, 86% [72-98%] ем қабылдады және 94% [79-98%] басылған вирустық жүктемеге қол жеткізді.
  • 2022 жылы АИТВ-мен өмір сүретін барлық адамдардың 86% - ы [73-98%] өздерінің мәртебесін білді, 76% - ы [65-89%] емделуге қол жеткізді және 71% - ы [60-83%] басылған вирустық жүктемеге қол жеткізді.

Инвестициялар

  • 2022 жылдың соңындағы жағдай бойынша табысы төмен және орташа елдерде ЖИТС-ке қарсы тұру үшін 20,8 миллиард АҚШ доллары (2019 жылғы бағамен тұрақты АҚШ долларымен) бөлінген; шамамен 60% ішкі көздерден келген.
  • ЮНЭЙДС бағалауы бойынша, 2025 жылы ЖИТС індетін тоқтату жолына қайта оралу үшін табысы төмен және орташа елдерде, соның ішінде бұрын табысы жоғары елдер ретінде қарастырылған елдерде ЖИТС-ке қарсы тұру үшін 29 миллиард АҚШ доллары (2019 жылғы бағамен тұрақты АҚШ долларымен) қажет болады деп есептейді.