АИТВ-ға тегін тестіден өту

Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес 115-бап. АИТВ-ға тексеру " 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тегін негізде ерікті түрде жасырын және (немесе) құпия медициналық зерттеліп-қаралу және АИТВ-инфекциясының мәселелері бойынша консультация алуға құқығы бар". Бұл қызмет тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіреді, бұл "Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алуын қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 13 мамырдағы өзгерістер енгізу туралы № 344 бұйрығымен негізделген.

Осылайша, Сіз тіркелген жергілікті мекен -жай бойынша емханаларында АИТВ-ға тегін тексеруден өте аласыз.